Қабылдау телефон нөмірі
Сот төрелігі академиясының қабылдау комиссиясы мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында және білім алушылардың жеке қаражаты есебінен «7M042 – Құқық» бағытындағы магистратураға түсушілерді тарту бойынша кәсіби бағдар беру жұмысын жалғастыруда.
2025 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қызметкерлерімен кездесу өтті. Сот төрелігі академиясының Қылмыстық-құқықтық пәндер бойынша ғылыми-білім беру орталығының директоры Б.Р. Сембекова және Қосымша білім беру бағдарламаларының үйлестірушісі Д.А. Мергембаев «7M042 – Құқық» кадрлар даярлау бағыты бойынша Академияға қабылдау қағидалары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, «Сот және сот төрелігі» білім беру бағдарламасы бойынша оқуға қызығушылық білдірген тұлғалардың барлық сұрақтарына жауап берді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі – 2025 жылғы 1 маусымнан 29 шілдеге дейін.