экоакцию «Таза Қазақстан»

Сот төрелігі академиясының қызметкерлері мен магистранттары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдады

2025 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының қызметкерлері мен магистранттары Астананың Сарыарқа ауданы әкімдігі ұйымдастырған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты.
Шараға қатысушылар ағаштар мен бұталарды отырғызып қана қоймай, елорда экологиялық ортасын жақсарту мен көгалдандыруға өз үлестерін қосты.
Академия өкілі Ержан Ошақбайұлы Егембердиев атап өткендей: «біз үшін бұл экоакция қаланы көгалдандыру ғана емес, сонымен қатар экологияға қамқорлық әркімнен басталатынын жеке мысалмен көрсету мүмкіндігі».
Сот төрелігі академиясы табиғатты қорғауға, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған бастамаларды белсенді түрде қолдайды.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024