для судебной системы
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының азаматтық-құқықтық пәндер бойынша ғылыми-білім беру орталығының директоры Ержан Егембердиев «Jibek joly» телеарнасындағы «Бүгін live» бағдарламасына қатысып, сұхбат берді.
Кездесу барысында ол Сот төрелігі академиясы болашақ судьяларды даярлайтын жалғыз оқу орны екенін атап өтіп, түлектердің 95 пайыздан астамы біліктілік емтихандарын сәтті тапсыратынын жеткізді.
Ержан Ошақбайұлы ерекше назарды цифрландыру мәселелеріне аударды. Ол заманауи судья тек терең құқықтық білімге ғана емес, сонымен бірге цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект қарқынды дамып отырған қазіргі жағдайда жұмыс істеуге қажетті цифрлық дағдыларға ие болуы керектігін атап өтті.
Сонымен қатар, Е.О. Егембердиев академиядағы тәжірибеге негізделген оқыту ерекшеліктері жөнінде айтты. Оқу процесіне сот процестерінің имитациялары енгізілген, онда тыңдаушылар сот отырысын жүргізу машықтарын жетілдіре алады. Бұдан бөлек, қылмыстық-техникалық полигон белсенді пайдаланылады. Ол оқиға болған жерді қарау, дәлелдемелерді бекіту және іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыруға қатысты тәжірибелік дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді.
Сот төрелігі академиясы білім беру бағдарламаларын заманауи талаптарға бейімдей отырып, сот жүйесінің болашақ өкілдерін сапалы даярлауды қамтамасыз ету мақсатында өз қызметін белсенді түрде жалғастыруда.