

Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде 2025 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында «Сот жүйесі үшін кадрлар даярлау ерекшеліктері» тақырыбында тікелей эфир өтті.
Іс-шараның спикерлері – азаматтық-құқықтық пәндер бойынша Ғылыми-білім беру орталығының директоры Е.О. Егембердиев, мемлекеттік-құқықтық пәндер Ғылыми-білім беру орталығының директоры Т.С. Нурышева және қылмыстық-құқықтық пәндердің Ғылыми-білім беру орталығының директоры Б.Р. Сембекова болды.
Сөз сөйлеушілер сот білімінің мақсаты кәсіби білікті, адамгершілігі жоғары, әділ шешім қабылдай алатын судьяларды даярлау болып табылатынын атап өтті. Сонымен қатар, заманауи судья тек терең құқықтық білімге ғана емес, сонымен бірге цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект қарқынды дамып отырған қазіргі жағдайда жұмыс істеуге қажетті цифрлық дағдыларға ие болуы. Сондай-ақ, спикерлер Академия білім беру бағдарламаларын заманауи талаптарға бейімдей отырып, сот жүйесінің болашақ өкілдерін сапалы даярлауды қамтамасыз ету мақсатында өз қызметін белсенді түрде жалғастыруда айтты.
Қатысушылар тікелей эфирде сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Эфир жазбасын мына сілтеме арқылы тыңдауға болады: https://www.instagram.com/reel/DRCJK3DiqIK/?igsh=c2ZlOXVmMDRxMHoz