Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

ҚР Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Дмитрий Михайлович Малахов бұл күннің бүкіл Қазақстан үшін ерекше маңыздылығын атап өтті. ҚР ЖСК қызметкерлерінің күшімен мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Салтанатты шарада Сот төрелігі академиясының қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті:

— Сот білімін дамытуға қосқан үлесі үшін филос.ғ.д., Мемлекеттік-құқықтық пәндер Ғылыми-білім беру орталығының профессоры Т.Қ. Бурбаев «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісін алды;

— Сот төрелігі академиясының әкімшілік-қаржы қызметінің бухгалтері Ж.Қ. Аққожина өзінің лауазымдық міндеттерін үлгілі және адал орындағаны үшін грамотамен марапатталды;

— қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі жөніндегі инспектор А. К. Шамшиденов өзінің лауазымдық міндеттерін үлгілі және адал орындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

Сол күні Сот төрелігі академиясында ректордың м.а. Қ.Қ. Мусин Тәуелсіздік күніне арналған дәстүрлі жиналыс өткізді, оның барысында академиялық бағдарламалар мен жобалар орталығының үйлестірушісі Г.О. Такишева Қазақстан халқы үшін осы күннің тарихы мен маңыздылығы туралы баяндама жасады.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024