2001 жыл Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанынан судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты ашылды. Институтты Қазақ КСР, содан кейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бұрынғы төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор Айтмұхамбетов Тамас Қалмұхамбетұлы басқарды.
Негізі: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 1557 қаулысы.
2003 жыл – Институт Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот академиясы мәртебесі берілді.
Негізі: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі №1008 қаулысы.
2005 жыл – Институт Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрамында жұмыс істейді.
Негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 31 мамырдағы №1583 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының кадрларын даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U050001583_
2016 жыл – «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылды, оған жоғары оқу орнының ерекше мәртебесі берілді.
Негізі: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясын құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 198 Жарлығы.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1600000198
2024 жыл – Сот төрелігі академиясы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қарамағынан Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қарамағына берілді.
Негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 10 маусымдағы № 252 Жарлығы.
© Академия правосудия при Высшем Судебном Совете Республики Казахстан, 2024