ТҮСУ ЕМТИХАНЫ

Түсу емтиханының бағдарламасы жеті пәннен тұрады: Конституциялық құқық, Азаматтық құқық, Азаматтық процестік құқық, Қылмыстық құқық, Қылмыстық процестік құқық, Әкімшілік құқық, Әкімшілік-деликтілік құқық.

Магистратураға түсуші тұлғалар мамандық бойынша түсу емтиханын тапсырады.

Мамандық бойынша түсу емтиханы үш кезеңнен тұрады:

  1. Кешенді тестілеу, ғылыми-педагогикалық және бейінді бағыттардың ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының (бұдан әрі – ҰТО) базасында өткізіледі.

Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсуші тұлғалар кешенді тестілеуді тапсырады, оған шет тілінен тест (таңдауға болатын тілдер: ағылшын, неміс, француз), білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бейіндік тест және оқу қабілетін анықтау тесті кіреді.

Бейінді магистратураға түсуші тұлғалар кешенді тестілеуді тапсырады, оған білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бейіндік тест кіреді.

  1. Кейс шешу (жағдаяттық тапсырма).

Емтихан билеті азаматтық және азаматтық процестік құқықты, қылмыстық және қылмыстық процестік құқықты, әкімшілік рәсімдік-процестік құқықты, сондай-ақ әкімшілік-деликтілік құқықты және процесті  қамтиды.

  1. Эссе жазу.

Кейс шешу (жағдаяттық тапсырма) және эссе жазу компьютерлік тәсілмен Академияда жүзеге асырылады.

Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсушілердің халықаралық сертификаты болған жағдайда шет тілі блогынан босатылуы мүмкін, бұл сертификат шет тілін меңгеру бойынша еуропалық стандарттарға сәйкестігін растайды:

Ағылшын тілі: IELTS Academic (Халықаралық ағылшын тілін меңгеру жүйесі), шекті балл – кемінде 6;

TOEFL IBT (Test of English as a Foreign Language Internet-based test), шекті балл – кемінде 60;

Неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, Niveau B2), TestDaF-Prufung (Niveau B2);

Француз тілі: TFI (Test de Franзais International™), DELF (Diplôme d’Études en Langue franзaise), DALF (Diplôme Approfondi de Langue franзaise), TCF (Test de connaissance du franзais) – кемінде деңгейі B2.

Сертификаттардың шынайылығы және жарамдылық мерзімі қабылдау комиссиясы тарапынан тексеріледі.

Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024