В.Ф. Яковлев атындағы УрМЗУ профессоры, з.ғ.д., Юрий Вячеславович Козубенконың сот төрелігі академиясына жұмыс сапары

9 сәуірде Сот төрелігі академиясында Академияның профессор-оқытушылар құрамының В. Ф. Яковлев атындағы УрМЗУ профессоры, з.ғ.д. Юрий Вячеславович Козубенкомен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында Академия магистранттарының В. Ф. Яковлев атындағы УрМЗУ-дағы онлайн-тағылымдамасының қорытындысы шығарылды. Профессор Ю. В. Козубенко магистранттарды даярлаудың жоғары деңгейін, білім алушылардың оқуға ұсынылған материалды игеруге қызығушылық танытқанын атап өтті. Тағылымдама қорытындысы бойынша барлық магистранттарға тағылымдамадан өткені туралы сертификаттар табыс етілді.
Сондай-ақ, Тараптар арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында ынтымақтастық нысандары, бірлескен ғылыми зерттеу жобаларына қатысу мүмкіндігі, қонақ дәрістер өткізу талқыланды.
Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024