Қабылдау телефон нөмірі
2024 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында волейболдан дәстүрлі турнир ұйымдастырылып, өткізілді. Биыл іс шара Республика күніне орайластырылды. Турнир салауатты өмір салтын насихаттау және білім алушылардың бірлігін нығайту мақсатын көздеді.
Турнирге магистранттардан бес команда және Академия оқытушылары мен қызметкерлерінен бір команда қатысып, бірлескен күш-жігермен әсерлі ойын көрсетті. Табанды күрестің нәтижесінде 1-ші орынды магистранттардың құрама командасы жеңіп алды, екінші орынды 2-р тобының магистранттары, ал үшінші орынды 4-р тобының магистранттары иеленді. Ректордың міндетін атқарушы Қ.Қ. Мусин турнир жеңімпаздарына ауыспалы кубокты табыс етті және барлық жеңімпаздар естелік медальдармен марапатталды.
Спортпен шұғылдану болашақ судьяларға жалпы физикалық жағдайын жақсартуға көмектеседі. Магистранттардың турнирге қатысуы – бұл олардың белсенді өмірлік ұстанымының, жетістіктерге және жан-жақты дамуға ұмтылысының жарқын көрінісі.