Қабылдау телефон нөмірі
2024 жылғы 17 желтоқсанда epetition.kz парақшасында Қазақстанда ЖСО жою туралы петиция жарияланды.
Сот төрелігі академиясының зерттеу және халықаралық жобалар үйлестірушісі, құқықтану магистрі, PhD докторанты, Нұртан Азамат Ерланұлы осы мәселеге құқықтық талдау жүргізе отырып, проблема ЖСО институтының өзінде емес, құқық нормаларын іске асыру тетігінде және борышкерлердің жауапкершілікті өз мойнына алуға құлықсыздығында, осыған байланысты ЖСО институтын тарату қолайсыз деген қорытындыға келді. Нұртан Азаматтың пікірінше, Қазақстан үшін озық елдердің тәжірибесімен салыстырғанда ЖСО институтын түбегейлі жою кері қадам болып саналады және оның орнына адамдардың субъективті құқықтарын қалпына келтіру мақсатында жеке орындау процедурасын одан әрі жетілдіру қажет.
Сараптамалық пікірмен келесі сілтемелер бойынша танысуға болады: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31735068&searchId= және https://www.nur.kz/nurfin/economy/2210174-nuzhno-li-likvidirovat-chsi-v-kazahstane-rasskazal-ekspert/.