Жоғары Сот Кеңесінде Конституцияның жаңа жобасы талқыланды

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінде Конституцияның жаңа редакциясының жобасы талқыланды. Іс-шараға Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері, оның аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының оқытушылары қатысты.

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Михайлович Малахов конституциялық ережелерді ауқымды әрі жан-жақты қайта қарау елдің Негізгі заңының тұжырымдамалық тұрғыдан жаңа редакциясын әзірлеу қажеттігін туындатқанын атап өтті.

«Конституциялық реформаның негізгі бағыты мемлекеттің азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарлануын күшейтуге, қоғамның өзекті құндылықтарын бекітуге және саяси институттарды жаңғыртуға бағытталған. Маңызды идеологиялық басымдық адами капиталды дамытуға берілді — ғылым, білім беру және инновациялар жаңартылған Конституцияда негізгі орын алады», – деп атап өтті Д.М. Малахов.

Кеңес отырысында сондай-ақ Кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясының профессоры, заң ғылымдарының докторы, Конституциялық комиссияның мүшесі Лейла Султановна Жақаева баяндама жасады. Ол өз сөзінде Конституцияның жаңа редакциясының жобасында көзделген негізгі өзгерістерді, сондай-ақ олардың құқықтық жүйені одан әрі дамыту. Конституциялық құрылысты нығайту, құқықтық реттеудің тиімділігін арттыру және Қазақстан Республикасында құқық үстемдігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024