
«Юридическая газета» басылымында Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Михайлович Малаховтың «Судья кадрларының кәсібилігіне жүйелі көзқарас» тақырыбындағы сұхбаты жарияланды.
Сұхбатта Д.М. Малахов Академияның бүгінде жай оқу орны емес, жаңа буын судьяларын даярлайтын зияткерлік орталық екенін атап өтті. Академия кәсіби оқыту, ғылыми зерттеулер және сот жүйесіне аналитикалық қолдау көрсету функцияларын біріктіреді.
Дмитрий Михайлович Малахов сот жүйесін цифрландыру мәселесіне ерекше тоқталып, оны ашықтық пен тиімділікті арттырудың негізгі факторы деп атады. Жоғары Сот Кеңесінің қолдауымен Академия жасанды интеллект, цифрлық этика, электрондық дәлелдемелер және киберқауіпсіздікке арналған заманауи оқу модульдерін енгізуде. Бұл болашақ судьялардың цифрлық құқықтық мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мақаламен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://zanmedia.kz/sistemnyj-podhod-k-professionalizmu-sudejskih-kadrov/152788/