


Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы магистранттары көшпелі оқу сабағы аясында Астана қаласы Полиция департаментінің Криминалистикалық полигонына барды.
Іс-шараны Сот төрелігі академиясының Қылмыстық-құқықтық пәндер ғылыми-білім беру орталығының директоры Б.Р. Сембекова және доцент Д.У. Балгимбеков ұйымдастырды. Сабақтың мақсаты – дәлелдемелерді жинау, зерттеу, ұсыну және бағалау саласындағы теориялық білімді бекіту.
Ішкі істер органдарының практикалық қызметкерлерінің қатысуымен өткен көшпелі сабақ барысында магистранттар қылмыстық істерді қарау кезінде туындайтын қылмыстық-құқықтық және қылмыстық іс жүргізу міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін дәлелдемелердің қатыстылығы, жол берілетіндігі, шынайылығы және жеткіліктілігі өлшемдеріне сәйкес материалдық сипаттағы іздерді алу және бекіту жұмыстарына тікелей қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Сот төрелігі академиясы практикасы мен теорияның сабақтастығын қамтамасыз ететін тәжірибеге бағытталған оқыту нысандарын одан әрі дамытуда.