
«Заңгер» ғылыми журналында (2026 жылғы № 3 (296) шығарылым) Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы ректорының м.а. Қанат Қалқаманович Мусиннің «Судья кадрларын даярлаудың заманауи тәсілдері: трансформация және стратегиялық даму» тақырыбындағы мақаласы жарияланды.
Мақалада Сот төрелігі академиясының институционалдық қайта құруларына кешенді талдау ұсынылған, сондай-ақ судья кадрларын даярлаудың заманауи тәсілдері ашылған.
Сот төрелігі академиясын дамытудың негізгі кезеңіне – оны 2024 жылы Жоғары Сот Кеңесінің қарамағына беруге ерекше назар аударылды, бұл сот жүйесінің кадр саясатын нығайтудағы маңызды қадам болды.
Автор қазіргі заманғы ғылыми-білім беру орталығын қалыптастыруға бағытталған Сот төрелігі академиясын дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыруды егжей-тегжейлі қарастырады. Басылымда Сот төрелігі академиясын дамытудың негізгі бағыттары баяндалады: магистратураның білім беру бағдарламаларын жаңғырту және докторантураны ашу, сот процестерін модельдеуді және нақты сот практикасына қатысуды қоса алғанда, оқытудың тәжірибеге бағдарланған әдістерін енгізу, судьялыққа кандидаттарды даярлаудың жаңа тетігі ретінде референдиат институтын іске қосу қамтылған.
Сондай-ақ, ғылыми қызмет субъектісі ретінде аккредиттеуді және «Сот төрелігі академиясының хабаршысы» журналын ұсынылған ғылыми басылымдар тізіміне енгізуді қоса алғанда, ғылым саласындағы сот төрелігі академиясының жетістіктерін атап өтті.
Мақаланың толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады: https://krso.kz/storage/app/media/%202026.03.pdf