
2026 жылғы 23 қаңтарда Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы ректорының міндетін атқарушысы К.К. Мусин және қосымша білім беру бағдарламаларының үйлестірушісі Г. Мұхаметқали Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде жазылушылармен Сот төрелігі академиясы іске асыратын ақылы онлайн-курстарға арналған онлайн-кездесу өткізді.
Онлайн-кездесу барысында қатысушыларға заң қызметі саласының қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курстары, судья лауазымына орналасу үшін біліктілік емтиханын тапсыруға дайындық және Академия магистратурасына түсу емтихандарына дайындық курстары туралы ақпарат ұсынылды.
Барлық мүдделі тұлғалар спикерлерге қызықтырған сұрақтарын қоюға және нақты уақыт режимінде түсініктеме алуға мүмкіндік алды.
Ақылы онлайн курстар туралы өзекті ақпарат Сот төрелігі академиясының ресми сайтында орналастырылған https://sta.edu.kz/, «Хабарландырулар» бөлімінде.
Барлық қосымша сұрақтар бойынша телефон арқылы хабарласуға болады: +7 (7172) 71-08-49, +7 707 958 33 45.
Эфир жазбасын мына сілтеме бойынша тыңдауға болады: https://www.instagram.com/reel/DT2gHd2isBM/?igsh=eGRndnpydjdrM2lw