







2025 жылғы 3 қарашада оқу процесі шеңберінде Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары азаматтық-құқықтық пәндер Ғылыми-білім беру орталығының доценті Т.Б. Досаевтың басшылығымен Астана қалалық сотына барды.
Сапар барысында отставкадағы судья М.Т. Касымовамен кездесу өтіп, атқарушылық іс жүргізудің өзекті мәселелері туралы дәріс оқыды. Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы А.А. Кушербаева алимент өндірудің халықаралық аспектілері туралы айтып, сот жұмысының практикалық тәжірибесімен бөлісті.
Сондай-ақ магистранттар Астана қалалық сотында орналасқан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мұражайына барып, еліміздің сот жүйесінің қалыптасу және даму тарихымен танысты.
Сот әкімшілігі Департаментінің өкілдері сот ісін ұйымдастыру тәртібі, сот төрелігінің негізгі қағидаттары және азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамасыз ету шаралары туралы толыққанды баяндап берді.
Сотқа бару магистранттарға сот жүйесінің жұмыс механизмдерін тереңірек түсінуге және кәсіби дағдыларды нығайтуға мүмкіндік беретін практикалық оқытудың маңызды бөлігіне айналды.