Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары Астана соттарында практикадан өтеді

3 желтоқсанда профессор Р.Р. Султанов пен доцент Т.Б. Досаев Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотқа және Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына барды. Сапардың мақсаты – магистранттардың практикасымен басшылықты жүзеге асыру және олардың кәсіби даярлығының сапасын бақылау.

Сот төрелігі академиясының магистранттары соттардың «ішінен» жұмысымен танысады, нақты істерді талдауға қатысады, теориялық білімді практикада қолданады және судьялар корпусында жұмыс істеу үшін қажетті негізгі құзыреттерді қалыптастырады. Практика оларға кәсіби тәжірибе жинауға және магистрлік жобаларға материал жинауға мүмкіндік береді.

Соттардағы практика – бұл сот төрелігі жүйесі үшін жоғары білікті мамандардың жаңа буынын даярлаудың маңызды кезеңі.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024