



Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының Қылмыстық-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының директоры Бакиткул Рактаевна Сембекова «Судьялар мен прокурорларға арналған Цифрлық дәлелдер» тақырыбында біліктілікті арттыру халықаралық курстарына қатысты.
Оқу 2026 жылдың 23-27 наурызы аралығында Америка Құрама Штаттарының Елшілігінің шақыруымен Будапешт қаласындағы (Венгрия) құқық қорғау органдары академиясында өтті.
Курс шеңберінде АҚШ заңнамасын федералды деңгейде де, жекелеген Штаттар деңгейінде де зерттеу негізінде халықаралық қылмысқа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды. Сондай-ақ, Венгрия, Түркия, Иордания, Өзбекстан және Қазақстан заңнамаларына салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізілді. Құқық қолдану практикасының проблемаларын анықтауға және талқылауға ерекше назар аударылады.
Оқытуға Венгрия, Түркия, Иордания, Өзбекстан және Қазақстан судьялар корпусы мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Курс қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға оны сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.