
«Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының хабаршысы» ғылыми-құқықтық журналында Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі Академиясының жетекші ғылыми қызметкері м.а. Такишева Гульшат Омирсериковна «Жылжымалы мүлікті атқарушылық жазба арқылы өндіріп алуға бола ма, әлде бұл заңнамадағы тағы бір олқылық па?» тақырыбында мақаласы жарияланды.
Осы мақалада Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 92-1-бабының жылжымалы мүлікті нотариустың атқарушылық жазбасы арқылы талап ету мүмкіндігін көздейтін нормасын іс жүзінде қолдану мәселесі қарастырылады. Аталған норма 2016 жылдан бері қолданыста болғанына қарамастан, нотариалдық практикада оны іс жүзінде жүзеге асыру мүмкіндігі жоқтың қасы.
Мақаламен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/1861