«Жаңа Конституция – Әділ Қазақстанның негізі»: «Казахстанская правда» газетінде мақала жарияланды

«Казахстанская правда» газетінде барлығының заң мен сот алдындағы теңдігінің Конституциялық қағидаттарына, сондай-ақ әрқайсысының сот арқылы қорғалу құқығына арналған «Жаңа Конституция – Әділ Қазақстанның негізі» атты ғылыми-талдамалық мақала жарияланды.

Мақаланың авторы Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры – К.К. Мусин болды.

Басылымда адам құқықтарын қорғау тетіктерін нығайтуға, сот жүйесі мен конституциялық бақылау институтын дамытуға бағытталған негізгі конституциялық өзгерістер, сондай-ақ осы реформалардың Әділ Қазақстанды құру және құқықтық мемлекет қағидаттарын одан әрі нығайту үшін маңызы қарастырылады.

Автор сот қорғауына құқықты заманауи түсіну тек сотқа жүгіну мүмкіндігін ғана емес, сонымен бірге бұзылған құқықтарды қалпына келтірудің тиімді тетіктерінің болуын, сот төрелігінің қолжетімділігін, сот талқылауының әділдігін, сондай-ақ сот шешімдерінің нақты орындалуын көздейтінін атап өтеді.

Мақаланың толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады:  https://kazpravda.kz/n/novaya-konstitutsiya-osnova-spravedlivogo-kazahstana/

 

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024