
«Казахстанская правда» газетінде барлығының заң мен сот алдындағы теңдігінің Конституциялық қағидаттарына, сондай-ақ әрқайсысының сот арқылы қорғалу құқығына арналған «Жаңа Конституция – Әділ Қазақстанның негізі» атты ғылыми-талдамалық мақала жарияланды.
Мақаланың авторы Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры – К.К. Мусин болды.
Басылымда адам құқықтарын қорғау тетіктерін нығайтуға, сот жүйесі мен конституциялық бақылау институтын дамытуға бағытталған негізгі конституциялық өзгерістер, сондай-ақ осы реформалардың Әділ Қазақстанды құру және құқықтық мемлекет қағидаттарын одан әрі нығайту үшін маңызы қарастырылады.
Автор сот қорғауына құқықты заманауи түсіну тек сотқа жүгіну мүмкіндігін ғана емес, сонымен бірге бұзылған құқықтарды қалпына келтірудің тиімді тетіктерінің болуын, сот төрелігінің қолжетімділігін, сот талқылауының әділдігін, сондай-ақ сот шешімдерінің нақты орындалуын көздейтінін атап өтеді.
Мақаланың толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады: https://kazpravda.kz/n/novaya-konstitutsiya-osnova-spravedlivogo-kazahstana/