





2026 жылдың 20 қазан күні Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот Төрелігі академиясында Республика күніне арналған «Егемендік және заң үстемдігі: Ұлттық заңнаманы модернизациялаудың конституциялық негіздері» атты дөңгелек үстел өтті. Мерекелік шара аясында Академия өкілдері Yessenov University базасында ұйымдастырылған ауқымды халықаралық диалогқа да ақпараттық қолдау көрсетіп, белсенді қатысты.
Академия қабырғасында өткен жиынға саяси ғылымдарының докторы, профессор Венера Жексембекова, Ғылыми-білім беру орталығының доценті, PhD Айгүл Асылбекова және оқу орнының магистранттары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында баяндамашылар Жанар Рахиева мен Мадина Ахметжан Республика күнінің елдің мемлекеттік құрылымы мен заң үстемдігін нығайтудағы тарихи маңызына тоқталды.
Баяндамашылар мемлекеттік егемендіктің қалыптасу кезеңдерін, 1990 жылғы Декларацияның саяси-құқықтық мәнін және ұлттық бірегейлік пен тарихи сананы жаңғыртудың маңыздылығын жан-жақты талдады. Шара қорытындысы бойынша ерекше белсенділік танытқан магистранттарға профессор В.А. Жексембекованың атынан Алғыс хаттар табыс етілді.
Сонымен қатар, дәл осы күні Академия делегациясы Yessenov University-де (Ақтау қ.) өткен «Республика күні: өткенге тағзым, болашаққа бағдар» атты халықаралық дөңгелек үстелге арнайы қатысты. Бұл алқалы жиын халықаралық және отандық сарапшылардың басын қосты. Олардың қатарында:
Халықаралық пікірталас аясында ұлттық бірегейлікті нығайту, тарихи сананы қалыптастыру, қоғамдық дипломатияны дамыту, сондай-ақ құқықтық мәдениет пен заманауи қоғамдық этика мәселелері кеңінен талқыланды. Мұндай ашық диалог форматы магистранттарға өзекті қоғамдық мәселелерді терең түсінуге, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және білім көкжиегін кеңейтуге зор мүмкіндік берді.