Сот төрелігі академиясы қызметкерлері Орталық Азия үшін қылмыстық сот төрелігі жөніндегі форумға қатысты
Сот төрелігі академиясы қызметкерлері Орталық Азия үшін қылмыстық сот төрелігі жөніндегі форумға қатысты

Қылмыстық-құқықтық пәндер ғылыми-білім беру орталығы директорының м.а., з.ғ.к., доцент Б.Р. Сембекова және Академиялық бағдарламалар мен жобалар орталығының үйлестірушісі, заң ғылымдарының магистрі Д.А. Мергембаев 2024 жылғы 20-21 қарашада Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Моңғолия және Грузия өкілдерінің қатысуымен өткен Орталық Азия үшін қылмыстық сот төрелігі бойынша тоғызыншы сараптамалық форум шеңберіндегі Орталық Азияның қылмыстық сот төрелігін реформалаудың өзекті мәселелерін талқылауға қатысты.
Форум барысында қылмыстық сот төрелігі реформаларына шолу жүргізілді, проблемалық мәселелер, құқықтық саясатты дамыту мен жетілдіру перспективалары талқыланды, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің қылмыстық сот төрелігін жетілдіру, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету саласындағы ұлттық заңнаманы одан әрі дамыту мақсатында тәжірибе алмасу бойынша жемісті ынтымақтастық жолдары айқындалды.












