Біліктілікті арттыру курстары шеңберіндегі М.Ч. Қоғамовтың дәрісі

2024 жылдың 18 қарашасында Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы ұйымдастыратын тергеу судьяларының біліктілігін арттыру курстары шеңберінде «Сотқа дейінгі қылмыстық процесте соттық бақылау әдістерінің көмегімен жеке адамның құқықтарын қорғау» тақырыбында дәріс оқу үшін Қазақстан Республикасының құрметті заңгері, заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Чекішұлы Қоғамов шақырылды.
Дәріс барысында тергеу судьясының өкілеттігі, тергеу соттарының қызметі, сотқа дейінгі іс жүргізу барысында прокурорлық қадағалау мен соттық бақылаудың арақатынасы мәселелерін регламенттейтін Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларына талдау жүргізілді.
Дәріскер тергеу судьяларының назарын қылмыстық іс жүргізу заңнамасы нормаларының жекелеген ережелерінің теориялық негіздемесіне аударып, сонымен қатар, қылмыстық процестегі сот арқылы қорғау мен жеке тұлғаның құқықтарын қорғаудағы заңнамалық реттеуді жетілдіру мәселелері қарастырылды.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024