
2026 жылғы 17 және 18 маусымда з.ғ.к., қайымдастырылған професор, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының профессоры Ардақ Әлімханқызы Биебаева Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Астанадағы бағдарламалар офисі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының базасында ұйымдастырған Адам саудасын проактивті онлайн-тергеу бойынша жаттықтырушыларға арналған ұлттық тренинг шеңберінде біліктілікті арттырудан өтті.
Тренингке құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сот жүйесінің және ҚР ҰҚК және ІІМ-нің ведомстволық жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
ЕҚЫҰ-ның Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі арнайы өкілі мен үйлестірушісі басқармасының халықаралық сарапшылары тыңдаушыларды Технологияларды пайдалана отырып жасалатын адам саудасын тергеу бойынша үлгілік оқу бағдарламасымен таныстырды. Бағдарлама қатысушы-мемлекеттерге технологияларды қолдана отырып жасалатын адам саудасының қауіптілігін және құқық қорғау органдарының адам саудасын онлайн-тергеудегі құзыреттерін түсінуді арттыруға көмек көрсету мақсатын көздейді. Мамандандырылған, модульдік және озық тәжірибені ескере отырып әзірленген оқу бағдарламасы мүдделі ведомстволарға құрбандардың құпиялылығын, қадір-қасиетін және қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, адам саудасын тиімді тергеу үшін практикалық құралдарды ұсынады.
Тренингке қатысу Технологияларды пайдалана отырып жасалатын адам саудасын тергеу бойынша үлгілік оқу бағдарламасының қисыны мен құрылымын түсінуге мүмкіндік берді; бағдарламаның жекелеген модульдері бойынша сабақтарды өткізу дағдыларын дамытуға; кейстер негізінде оқытуды, құрбандарға бағытталған әдістерді білім беру қызметіне кіріктіруге жол ашты. Адам саудагерлері қолданатын заманауи онлайн азғырып көндiру, пайдалану және бақылау әдістерімен танысу қылмыстық бизнестің осы көрінісінің ерте алдын алудың жаңа тәсілдерін іздеуге серпін беретініне сенімдіміз.