
2025 жылғы 29 желтоқсанда ҚР Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында Ғылыми кеңестің 2025-2026 оқу жылының 1-жартыжылдыға бойынша қорытынды отырысы өтті.
Отырыста құрылымдық бөлімшелердің 2025-2026 оқу жылының 1-ші жартыжылдығы бойынша есептері, сондай-ақ ғылыми-білім беру орталықтарының оқу жүктемесін орындау туралы, ақпараттық-кітапханалық жұмыс, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жоспарлау және оның жай-күйі туралы ақпараттар тыңдалды. 2025 күнтізбелік жыл бойынша судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерін қайта даярлау, біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізудің қорытындылары жасалды.
Сонымен қатар, Ғылыми кеңес мүшелері магистранттарды Қорытынды аттестаттаудың кешенді емтихан пәндерінің тізбесін, 2-семестр пәндері бойынша білімді бақылау нысандарын, судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерін қайта даярлау, біліктілігін арттыру курстарының 2026 жылға арналған оқу жоспары мен жоспар-кестесін бекітуге ұсынды.
Сондай-ақ, ҚР Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясын дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттарын іске асыру туралы сұрақ қарастырылды.