Академия Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті

2026 жылғы 8 мамырда ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында 2025–2026 оқу жылының екінші жартыжылдығы бойынша көктемгі емтихан сессиясының қорытындылары шығарылды, сондай-ақ магистранттардың Әзірбайжан Республикасы Әділет министрлігінің Әділет академиясы базасында шетелдік тағылымдамадан өту нәтижелері қаралды.

Ғылыми кеңес мүшелері Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының 10 жылдығына арналған «XXI ғасырдағы судьялардың үздіксіз білім алуы: сот төрелігінің сапасын арттырудың негізі ретінде ғылым мен практиканың интеграциясы» тақырыбындағы жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның электрондық материалдар жинағын талқылап, басылымға ұсынды.

Сонымен қатар, Академияның қабылдау комиссиясының жұмыс барысы туралы ақпарат тыңдалды.

 

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024