Академия Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті

2026 жылғы 28 мамырда ҚР Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында Қабылдау комиссиясының жұмысы, бейінді бағыт бойынша магистранттардың кәсіптік практикадан өтуі және ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистранттардың практикаға дайындық барысы туралы ақпарат тыңдалды. Сондай-ақ, Академияның профессорлық-оқытушылар құрамы мен жұмыскерлерінің біліктілігін арттыру мәселесі қаралды.

Сонымен қатар Ғылыми кеңес мүшелері «7M042 – Құқық» кадрларды даярлау бағыты бойынша (ғылыми-педагогикалық және бейінді магистратуралар) 2026–2027 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларының Жұмыс оқу жоспары мен Академиялық күнтізбесінің жобаларын талқылап, бекітуге ұсынды.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024