Академия Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті

2025 жылғы 30 қаңтарда ҚР Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырыста 2024-2025 оқу жылының 1 семестрінің емтихан сессиясы мен Академия магистранттарының кәсіптік практикадан өту қорытындылары шығарылды, сондай-ақ Академия түлектерінің мониторингі туралы ақпарат тыңдалды.
Сонымен қатар, Академияның 2024 күнтізбелік жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы сұрақ қарастырылды.
Ғылыми кеңес мүшелері магистранттарды Қорытынды аттестаттаудың кешенді емтиханының бағдарламасын талқылады және бекітуге ұсынды.
Ғылыми кеңес Адам құқықтары жөніндегі Еуразиялық форум материалдарының жинағын шығаруға ұсыным жасау туралы шешім қабылдады.
Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024