Қабылдау телефон нөмірі
2025 жылғы 26 маусымда ҚР Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында Ғылыми кеңестің қорытынды отырысы өтті, онда 2024-2025 оқу жылының магистранттарды қорытынды аттестаттау нәтижелері туралы, сондай-ақ 2025 жылдың 1-жартыжылдығында судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу бойынша ақпарат тыңдалды.
Ғылыми кеңес мүшелері 2024-2025 оқу жылының қорытындылары бойынша құрылымдық бөлімшелердің жылдық есептерін және Ғылыми кеңестің жұмыс жоспарының орындалуы туралы есепті талқыға салды және бекітуге ұсынды.
Сонымен қатар отырыста 2024-2025 оқу жылындағы ғылыми-білім беру орталықтарының оқу жұмысының орындалуы бойынша қорытынды жасалды және Академияға оқуға қабылдау комиссиясының жұмыс барысы туралы сұрақ қаралды.