Академия Ғылыми кеңесінің қорытынды отырысы өтті

2025 жылғы 26 маусымда ҚР Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында Ғылыми кеңестің қорытынды отырысы өтті, онда 2024-2025 оқу жылының магистранттарды қорытынды аттестаттау нәтижелері туралы,  сондай-ақ 2025 жылдың 1-жартыжылдығында судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу бойынша ақпарат тыңдалды.  

Ғылыми кеңес мүшелері 2024-2025 оқу жылының қорытындылары бойынша құрылымдық бөлімшелердің жылдық есептерін және Ғылыми кеңестің жұмыс жоспарының орындалуы туралы есепті талқыға салды және бекітуге ұсынды.

Сонымен қатар отырыста 2024-2025 оқу жылындағы ғылыми-білім беру орталықтарының оқу жұмысының орындалуы бойынша қорытынды жасалды және Академияға оқуға қабылдау комиссиясының жұмыс барысы туралы сұрақ қаралды.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024