
2025 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі және тәуелсіздігі: тарих, қазіргі заман және дамудың жаңа қырлары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.
Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шара Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында өтті және Парламентінің Мәжілісі, Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Мемлекет тарихы институтының өкілдерін, сондай-ақ Болгария мен Польшадан келген халықаралық сарапшыларды біріктірді.
Конференция аясында ел тәуелсіздігін қалыптастырудың тарихи жолы, ұлттық бірегейлік пен халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Академия магистранттары аталған іс-шараға профессор, саясаттану ғылымдарының докторы Венера Абыхановна Жексембекованың жетекшілігімен қатысып, ұсынылған ғылыми баяндамалар мен пікірталастарға жоғары қызығушылық танытты.
Конференцияға қатысу олардың ой-өрісін кеңейтуге, мемлекеттік тәуелсіздіктің құқықтық және тарихи аспектілері туралы білімдерін тереңдетуге, сондай-ақ басқару мен реформалар мәселелеріне заманауи көзқарастармен танысуға мүмкіндік берді.