Академияның Ғылыми кеңесінің алғашқы отырысы өтті

2026 жылғы 27 тамызда ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында ағымдағы оқу жылындағы Ғылыми кеңестің алғашқы отырысы өтті.

Отырыста Академияның 2026-2027 оқу жылына арналған магистратураға (ғылыми-педагогикалық бағыт және бейіндік бағыт) және докторантураға (ғылыми-педагогикалық бағыт және бейіндік бағыт) қабылдау бойынша комиссияның жұмысы туралы есеп тыңдалды, сондай-ақ жаңа оқу жылына дайындық мәселелері қаралды.

Бұған қоса, Ғылыми кеңес мүшелері келесі құжаттарды талқылап, бекітуге ұсынды: «8D04201 – Сот және сот төрелігі» кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламасының Академиялық күнтізбесі (ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттар), «8D04201 – Сот және сот төрелігі» білім беру бағдарламасының Оқу жоспары (ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттар), 1-семестрдегі білімді бақылау нысандары, Академияның жұмыс жоспары, Ғылыми кеңестің жұмыс жоспары, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының профессорлық-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің қызмет нәтижелілігін бағалау жүйесі (KPI) туралы ереже.

Сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының профессорлық-оқытушылар құрамының педагогикалық жүктемесін жоспарлау туралы ережеге» өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024