«Amicus Curiae Challenge» байқауының жеңімпаздары Сот төрелігі академиясында болашақ судьяларды даярлау процесімен танысты

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Михайлович Малаховтың тапсырмасы бойынша Сот төрелігі академиясында «Amicus Curiae Challenge» байқауының жеңімпаздары – студенттер үшін экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара заң мамандықтары бойынша білім алып жатқан студенттерді судья кәсібімен, сот жүйесіне кадрлар даярлаудың ерекшеліктерімен және Сот төрелігі академиясында білім алу мүмкіндіктерімен таныстыруға бағытталған кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында өткізілді.

«Amicus Curiae Challenge» байқауы Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотымен әріптестікте Нидерланд Корольдігі Елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Сана Сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігінің жобасы аясында өткізіледі.

Іс-шараны Сот төрелігі академиясының ректоры Қанат Қалқаманұлы Мусин ашты, ол құттықтау сөз сөйлеп, болашақ заңгерлердің кәсіби қалыптасуы мен құқықтық мәдениетті дамыту үшін осындай бастамалардың маңыздылығын атап өтті.

Сапар барысында студенттер сот төрелігі академиясының қызметімен, оның білім беру бағыттарымен және сот жүйесі үшін кәсіби кадрларды даярлау ерекшеліктерімен танысты. Олар криминалистикалық полигонына, сот процестерін жүргізуге арналған оқу аудиторияларына, сондай-ақ Академия кітапханасына барды.

Экскурсия студенттерге Академиядағы оқу жағдайлары, білім беру процесінің практикалық құрамдас бөлігі және болашақ судьялардың кәсіби даярлығына қойылатын талаптар туралы түсінік алуға мүмкіндік берді.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Сертификаттарды тексеру Цифрлық оқу-әдістемелік база
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024