«Ашық Кеңес»: Жоғары Сот Кеңесі болашақ судья кадрларымен кері байланысты нығайтуда

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың бастамасымен Кеңес басшылығының Сот төрелігі академиясына жаңадан қабылданған магистранттармен тікелей қарым-қатынас жасауына арналған диалог алаңы – «Ашық Кеңес: болашақ судьялардың көзқарасы» жобасы басталды.

Бұл формат кері байланысты нығайтуға және кадрларды даярлау сапасын арттыруға бағытталған.

Ашық пікірталас барысында магистранттар оқудан алған алғашқы әсерлерімен бөлісіп, білім беру процесін оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарын білдірді.

Өз кезегінде Кеңес мүшелері кәсіби бағдарларымен бөлісіп, терең құқықтық білімнің, дербес құқықтық ойлауды дамытудың, мінсіз әдеп пен судьяның жоғары жауапкершілігінің басымдығын атап өтті.

«Ашық Кеңес» кездесулері тұрақты түрде өткізіліп, болашақ судьялардың оқудың алғашқы күндерінен бастап Академияны дамытуға қатысуын қамтамасыз етеді.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Сертификаттарды тексеру Цифрлық оқу-әдістемелік база
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024