








Astana IT University алаңында Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың университет ректоры Альтаир Ахметовпен жұмыс кездесуі өтті.
Тараптар сот жүйесі кадрларын іріктеу және даярлау рәсімдерін жетілдіруге баса назар аудара отырып, Цифрландыру және жасанды интеллект жылы шеңберінде Мемлекет басшысы белгілеген басым міндеттерді іске асыруды талқылады.
Іс-шараға Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері, Кеңес аппараты мен Сот төрелігі академиясының қызметкерлері, сондай-ақ Astana IT University жанындағы «Cyber Tech» ғылыми-зерттеу орталығының басшылығы мен өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Дмитрий Малахов цифрландыру – бұл тек технологияларды енгізу емес, судьяларды іріктеу мен даярлау тәсілдерін, сондай-ақ әрекеттегі судьялардың біліктілігін арттыру жүйесін түбегейлі өзгерту екенін атап өтті. Қазіргі уақытта Жоғары Сот Кеңесі іріктеу рәсімдерін автоматтандыруға және олардың ашықтығын арттыруға бағытталған өзінің ақпараттық жүйесін әзірлеуде, оны пилоттық режимде іске қосу ағымдағы жылдың шілде айына жоспарланған. Сондай-ақ, Astana IT University-мен білім беру үдерістеріне цифрлық шешімдерді енгізу және кандидаттар мен қазіргі судьялардың практикалық дағдыларын дамыту бөлігінде ынтымақтастықтың маңыздылығы атап өтілді.
Өз кезегінде Альтаир Ахметов Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясымен өзара іс-қимыл шеңберінде IT, киберқауіпсіздік және аналитика саласындағы құзыреттерді дамытуды қоса алғанда, кадрлар даярлау саласындағы цифрлық өзгерістерді қолдаудағы университеттің әлеуетін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының білім беру процесіне цифрлық шешімдерді енгізуді және бірлескен білім беру мен технологиялық бастамаларды дамытуды көздейтін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.