
2026 жылғы 5 маусымда Астанада Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен әкімшілік әділеттің бес жылдығына орайластырылған «Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз ету ісіндегі рөлі» атты халықаралық форум өтті.
Форумның пленарлық отырысы мен панельдік сессияларында Жоғарғы Соттың, Үкіметтің, министрліктердің, ірі инвесторлардың, халықаралық сарапшылар мен бизнес-қауымдастықтардың өкілдері сөз сөйледі. Форум жұмысына Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры Қ. Мусин, сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының Мемлекеттік-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының профессоры Л. Жақаева қатысты.
Форумда Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін қолданудың өзекті мәселелері, сот практикасының нәтижелері, сондай-ақ әкімшілік әділетті одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстар талқыланды.