Біз туралы

Біз туралы

«Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы» республикалық мемлекеттік мекеме (бұдан әрі – Академия) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын, сот жүйесі кадрларын қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және ғылыми қызметті жүзеге асыратын, ерекше мәртебесі берілген, жоғары оқу орны болып танылады.

Академия оқу орны «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 198 Жарлығына сәйкес құрылған. «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ерекше мәртебе беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығымен Академияға ерекше мәртебе берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 10 маусымдағы Жарлығына сәйкес, 2024 жылғы 15 шілдеден бастап Сот төрелігі академиясы ресми түрде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соттан Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қарамағына берілді.

Жоғары Сот Кеңесі академияны жалпы басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады. Академияның білімін, мәртебесін және жұмысын ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

Академия Миссиясы

Қазақстан Республикасының сот жүйесі үшін терең теориялық білімге, дамыған практикалық дағдыларға және жоғары құқықтық мәдениетке ие жоғары білікті кадрларды тиімді даярлауды қамтамасыз ету.

Академияның мақсаттары мен міндеттері

Академия қызметінің мақсаттары – сот жүйесі үшін кадрлар даярлау, сондай-ақ судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру.

Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасының 2025 жылғы 11 ақпандағы №6 бұйрығымен 2025–2027 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясын дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Бұл тұжырымдаманы іске асыру Академияның білім беру, ғылыми, кадрлық және материалдық-техникалық әлеуетін нығайтуға, сондай-ақ заманауи талаптар мен сот төрелігі міндеттеріне сай келетін жоғары білікті судья кадрларын тиімді даярлауға ықпал ететін болады.

Академия алдына келесі стратегиялық міндеттерді қояды:

— жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жетілдіру;

— қосымша білім беру жүйесін дамыту;

— Академия қызметінің ғылыми құрамдас бөлігін жандандыру;

— Академияның кадр саясатында жаңа тәсілдерді іске асыру;

— Академияның материалдық-техникалық инфрақұрылымын жақсарту;

— Академияның оң имиджін нығайту.

Академия қызметінің негізгі бағыттары:

  • 7М042 – Құқық бағыты бойынша магистратура, білім беру бағдарламалары:
    • 7М04201 – Сот және сот төрелігі (бейіндік, 1 жыл)
    • 7М04202 – Сот және сот төрелігі (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл)
  • 8D042 – Құқық кадрларын даярлау бағыты бойынша докторантура (2025 жылдан бастап), білім беру бағдарламалары:
    • 8D04201 – Сот және сот төрелігі (ғылыми-педагогикалық, 3 жыл)
    • 8D04202 – Сот және сот төрелігі (бейіндік, 3 жыл)

Қолданыстағы судьялар мен сот жүйесінің қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау.

2023 жылдың қыркүйегінен бастап ақылы біліктілікті арттыру курстары (құқық қоғамдастығы үшін), судья лауазымына орналасу үшін біліктілік емтиханын тапсыруға дайындық курстары, сондай-ақ Сот төрелігі академиясының магистратурасына түсуге дайындық курстары сәтті іске қосылды.

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің бастамасы бойынша 2025 жылғы сәуірден бастап референдиаттың онлайн-курсы (Қазақстанның сот жүйесі үшін әлеуетті кадрларды даярлау жөніндегі интенсивті курс) іске қосылды.

Жоспарланған курстардың толық тізімін Академия сайтында «Ақылы курстар» бөлімінен табуға болады.

Академияның ғылыми өмірі

2023 жылдан бастап Сот төрелігі академиясында «Сот төрелігі академиясының хабаршысы» ғылыми журналы шығарылады. Журналда құқық ғылымының әртүрлі салалары, сот практикасы және сот білім беру мәселелері бойынша ғылыми мақалалар жарияланады.

Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде (бұдан әрі — Министрлік), 2023 жылғы «24» ақпандағы №KZ57VPY00065448 тіркеу куәлігінде тіркелген.

2024 жылғы 08 тамызда ведомстволық бағыныстылығының өзгеруіне байланысты №KZ06VPY00098570 қайта есепке қою туралы куәлік алынды.

«Сот төрелігі академиясының хабаршысы» ғылыми журналы желілік басылым ретінде Министрлікте тіркелген, 2023 жылғы «31» наурыздағы №KZ71VPY00067233 тіркеу куәлігі, 2024 жылғы 08 тамыздағы № KZ86VPY00098585 қайта есепке қою туралы куәлік.

Журнал ғылыми рецензияланған, ақысыз мерзімді басылым болып табылады. Журнал жылына төрт рет баспа түрінде шығарылады.

2025 жылғы 14 шілдедегі №1187 бұйрық негізінде «Сот төрелігі академиясының хабаршысы» ғылыми журналы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұсынған басылымдар тізбесіне енгізілді. Журналды осы тізбеге енгізу оның белгіленген ғылыми және академиялық талаптарға сәйкестігін мойындағанын куәландырады, сондай-ақ оның құқық және сот практикасы саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялау үшін беделді алаң ретіндегі маңыздылығын атап көрсетеді.

Мақалаларды қабылдау журналдың жаңа сайты арқылы жүзеге асырылады https://vestnik.sta-jsk.kz/index.php/jsk, Open Journal Systems (OJS) электрондық платформасында жасалған. Барлық материалдар жалпыға қолжетімді дереккөздерден алынған дәйексөздерді анықтауға және ғылыми зерттеулердің түпнұсқалығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін «Антиплагиат» лицензиялық бағдарламасы арқылы тексеріледі.

Әрбір жарияланған мақалаға ғылыми дерекқорларда халықаралық дәйексөз жасау мен қолжетімділікті қамтамасыз ететін DOI (Digital Object Identifier) цифрлық идентификаторы беріледі.

2025 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясына ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәлік берді.

Бұл куәлік Сот төрелігі академиясы құрылған уақыттан бері алғаш рет алынды. Аккредитация Академияның ғылыми қызметі үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, мемлекеттік бюджеттен, халықаралық ұйымдар мен қорлардан, бизнес пен үкіметтік емес қорлар мен ұйымдардан қаржыландырылатын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар конкурстарына қатысуға мүмкіндік береді. Аккредитация Академияның ғылыми және білім беру бағытында дамуына ықпал етіп, оның ұлттық әрі халықаралық деңгейде ғылыми және білім беру саласындағы беделін арттырады.

 

Халықаралық ынтымақтастық

Академияның Халықаралық қызметінің негізгі бағыттары: сот ісін жүргізу саласында тәжірибе және үздік тәжірибелермен алмасу, бірлескен ғылыми және білім беру жобаларын іске асыру, халықаралық форумдарға, конференцияларға, семинарларға қатысу, шетелде магистранттардың халықаралық тағылымдамаларын ұйымдастыру, сондай-ақ халықаралық білім беру және ғылыми бағдарламаларға қатысу болып табылады.

Сот төрелігі Академиясы сот жүйесі үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын ұқсас шетелдік оқу орындарымен байланысты белсенді нығайтуда. Біз халықаралық серіктестер желісін үнемі кеңейтіп отырамыз. Бұл білім беру бағдарламаларын жетілдіруге, судьялар мен сот жүйесінің қызметкерлерін даярлау және кәсіби қайта даярлау сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Академия шетелдік университеттермен және халықаралық ұйымдармен, соның ішінде Висмар/ГФР қолданбалы ғылымдар университетімен, Германия қоғамдық қауымдастығы «Ф. Эберт қоры», Әзірбайжан Республикасы Бас прокуратурасының ғылыми-оқу орталығымен, «В.Ф. Яковлев атындағы Орал мемлекеттік заң университеті» Жоғары білім берудің федералды мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесімен, «Саратов мемлекеттік Заң Академиясы» Жоғары білім берудің федералды мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесімен және басқалармен ынтымақтасады.

Білім беру қызметі

Академия 2016 жылғы 1 шілдеде берілген №KZ44LAA00007363 мемлекеттік лицензия негізінде білім беру қызметін жүзеге асырады. Білім беру бағдарламалары тыңдаушыларға сот жүйесінде табысты жұмыс істеу үшін қажетті кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.

2025 жыл жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру шеңберінде Академияның білім беру қызметін кеңейтуде шешуші рөл атқарды.

2025 жылдан бастап 7М04202 – Сот және сот төрелігі (оқу мерзімі-2 жыл ғылыми — педагогикалық магистратура) бағыты бойынша 7М042 – Құқық даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламасы ашылды.

Бұл бағдарлама құқық ғылымы мен сот білімін дамытуға үлес қоса алатын Сот төрелігі саласында жоғары білікті ғылыми және білім беру кадрларын даярлауға бағытталған.

2025 жылғы 04 маусымнан бастап Академия 8D042 — Құқық (докторантура бағдарламасы) бағыты бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензияға қосымша алды.

Академияда оқыту интерактивті әдістерді, сот процестерін модельдеуді, тәжірибеге бағдарланған курстарды қолдана отырып және қазіргі судьяларды, оқытушылар мен халықаралық сарапшыларды тарта отырып, күндізгі нысанда жүргізіледі.

Академияның артықшылықтары

  • Тек сот ісін жүргізу және сот төрелігі саласындағы мамандандыру;
  • Мемлекеттікқолдаужәнесотжүйесініңқажеттіліктеріненысаналыназараудару;
  • Оқытушыларқұрамыныңжоғарыдеңгейі— практиксудьялар,заңгерғалымдар, заңғылымдарыныңдокторларыменкандидаттары;
  • Заманауиинфрақұрылым:оқузалдары,кітапхана,электрондықресурстар,онлайноқыту;
  • Түлектердітабысты жұмысқа орналастыру-магистрлердіңкөпшілігісудьялықлауазымдарғатағайындалады;
  • Мемлекеттікбілім беру тапсырысыесебінентегіноқытумүмкіндігі.

Байланыс ақпараты

  • Мекен-жайы: 010000, гр. Астана, Бейбітшілік көшесі, 46
  • Қабылдау комиссиясының телефоны: +7 (7172) 71 08 73
  • WhatsApp: +7 (771) 688 8517
  • Электрондық пошта: kense@apvs.kz
  • Ресми сайт: sta.edu.kz
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024