







Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын қолданудың теориялық және практикалық мәселелерін терең зерттеуге бағытталған референдиаттың білім беру бағдарламасының кезекті кезеңі аяқталды.
Курсты өткізу Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Михайлович Малаховтың судьялық лауазымдарға үміткерлерді іріктеу және кәсіби даярлау тетіктерін жетілдіру жөніндегі дәйекті жұмысының бір бөлігі болып табылады.
Оқыту бағдарламасы біліктілік емтиханының негізгі талаптарын ескере отырып әзірленген және кандидаттардың оны өтуге кешенді дайындығын қамтамасыз етуге арналған.
Оқытушылар мен сарапшылар ретінде Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері, қазіргі судьялар, Сот төрелігі академиясының профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері, сондай-ақ құқықтану саласындағы танылған мамандар сөз сөйледі.
Сабақтар барысында қолданбалы кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға, сондай-ақ әңгімелесуден өту технологиясы бойынша арнайы практикум аясында ситуациялық кейстерді талдауға ерекше назар аударылды.
Бағдарлама аяқталғаннан кейін қатысушыларға курстан өткені туралы сертификаттар табыс етілді.
Референдиат курстарының практикалық бағытын одан әрі күшейту сот жүйесінің кадрлық құрамының сапасын арттыруға және болашақ судьялардың жоғары кәсіби деңгейін қамтамасыз етуге ықпал етеді.