

Сот төрелігі академиясының Қылмыстық-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының профессоры, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.А. Биебаева 2026 жылғы 4 қыркүйек пен 2 қазан аралығында «Германиядағы полиция құқығы» тақырыбындағы онлайн-курстан өтті. Курсты Неміс-Қазақстан заңгерлер қауымдастығының қолдауымен Maqsut Narikbayev University-дің Әкімшілік және неміс құқығы ғылыми мектебі ұйымдастырды.
Курсты Бранденбург федералдық жерінің Полиция университетінің қылмыстық-процесс және полиция құқығының профессоры, доктор Гвидо Фикенчер жүргізді. Көп жылдық практикалық тәжірибесі бар лектор мемлекеттік құқық пен әкімшілік-полицияны реттеудің неміс моделінің өзіндік ерекшелігін көрсетті. Тыңдаушылар полиция қызметінің құқықтық негіздері, полицияның араласу шектері және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері туралы нақты түсінік алды. Полиция қызметінің принциптеріне, полицияның дене күшін, арнайы құралдар мен қаруды қолдануының негіздері мен тәртібіне, сондай-ақ неміс полиция-құқықтық кейстерін талдауға ерекше назар аударылды. Тыңдаушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға тыңғылықты жауап алды.