Қабылдау телефон нөмірі
2025 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы «Кассациялық соттарды енгізудің институционалдық және процестік аспектілері: сын-қатерлер және оларды еңсеру жолдары» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел өткізеді.
Халықаралық дөңгелек үстел сот жүйесін жетілдіру мақсатында отандық және шетелдік сарапшылар арасында тәжірибе алмасуға бағытталған. Тақырыптың өзектілігі елде ауқымды сот реформасының жүргізілуіне және құқықтық мемлекет жағдайында заңды күшіне енген сот актілерін қайта қараудың тиімді тетіктерін енгізу қажеттілігіне байланысты туындап отыр.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері мен аппарат өкілдері, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергілікті соттардың судьялары, заң қоғамдастығының өкілдері, сондай-ақ шетелдік сарапшылар қатысады деп күтілуде.
Дөңгелек үстелдің жұмысы (Астана уақытымен) сағат 10.00-де басталады.
Дөңгелек үстел аралас форматта өтеді. Офлайн форматта – Астана қаласы, Достық көшесі, 11, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы, Конституция залы; онлайн форматта – Zoom қосымшасы арқылы.
Қатысу үшін sta609@apvs.kz электрондық поштасына қатысушы туралы ақпаратты (Т.А.Ә., лауазымы мен жұмыс орны, байланыс деректері) «Дөңгелек үстел жұмысына қатысуға өтінім» деген тақырыппен жолдауларыңызды сұраймыз. Тіркелу міндетті болып табылады. Онлайн қатысу үшін сілтеме тіркелген қатысушыларға жіберіледі.
Қосымша ақпарат алу үшін: тел.: +7 777 771 6534 – Абилова Майгүл Нестаевна (Академиялық бағдарламалар және жобалар орталығының директоры), +7 747 777 2044 – Нұртан Азамат Ерланұлы (жетекші ғылыми қызметкер) хабарласуларыңызды сұраймыз.