14 наурызда Сот төрелігі академиясында «Көрісу — Амал мерекесі» салтанатты түрде аталып өтті. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Д.М. Малаховтың бастамасымен «Көрісу — Амал мерекесін» тойлау күні з.ғ.к., профессор З. Х. Баймолдина шақырылды.
Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Д. М. Малахов өзінің құттықтауында З. Х. Баймолдинаның Сот білімін дамытудағы, Қазақстанның сот жүйесі үшін кәсіби кадрларды қалыптастырудағы ерекше рөлін атап өтті. З. Х., Баймолдинаның мемлекеттік аппараттың түрлі құрылымдарындағы және заң ғылымын дамытудағы сіңірген еңбегін атап өтіп, бүгінгі таңда судья кадрларының ұстасы болған Сот төрелігі академиясының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
Жоғары Сот Кеңесінің өкілдері, Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері А. Б. Жакулин және А. Ш. Айтуарова, ҚР ЖСК Сот оқуы және біліктілік емтиханын ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі А. Б. Қайжақпарова Сот төрелігі академиясының ұжымы мен З. Х. Баймолдинаны көктемнің басталуымен, табиғаттың жаңаруымен құттықтап, қазақ халқының мәдениетінің өзіндік ерекшелігін айқындайтын «Көрісу — Амал мерекесінің» терең мәнін атап өтті. Амал күні қосылу және достықты нығайту уақыты болып саналады, бұл күні жақсы жаңалықтармен алмасу, жаңа маусымның басталуын қарсы алу тойланады. Жылы және достық атмосферада еліміздің игілігі үшін жемісті еңбек жасауын тілей отырып жылы лебіздер айтылды.