Оқудағы жетістіктері үшін ынталандыру: Сот төрелігі академиясында үздік магистранттар марапатталды

2026 жылғы 09 қаңтарда Сот төрелігі академиясының Азаматтық-құқықтық пәндер орталығының профессор-оқытушылар құрамы 2025-2026 оқу жылының бірінші семестрінің қорытындысы бойынша тамаша оқу жетістіктері мен үлгілі мінез-құлқы үшін магистранттарды көтермелеу туралы шешім қабылдады.

Жоғары оқу үлгерімі, оқу үдерісіне жауапкершілікпен қарағаны және білім алудағы табандылығы үшін алғыс хатпен келесі магистранттар марапатталды:

  1. Берішбаева Гүлбаршын Ұранбекқызы
  2. Бикадамова Диана Мураловна
  3. Смагамбетова Ардак Дуйсенгалиевна
  4. Шарафутдинова Елена Анатольевна
  5. Каримова Эльмира Муратовна
  6. Берекешева Айгерим Жабыкбаевна
  7. Янузакова Галима Туякбаевна

Аталған бастама білім алушылардың академиялық жетістіктерін ынталандыруға, теориялық негіздерді терең меңгеруге және практикалық даярлықты арттыруға деген уәжін қолдауға, сондай-ақ оқуға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және Сот төрелігі академиясындағы академиялық мәдениетті нығайтуға бағытталған.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024