
«Параграф» ақпараттық-құқықтық жүйесінде «Сот жүйесіне жол осы жерден басталады: Сот төрелігі академиясы магистратура мен докторантураға қабылдауды жариялайды» атты мақала жарияланды.
Мақаланың авторлары Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының үйлестірушілері болды – Г.М. Бейсенова және Б.М. Хайрушева
Басылымда «Құқық» даярлау бағыты бойынша магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары, оқуға түсу шарттары, үміткерлерге қойылатын талаптар, конкурстық іріктеу кезеңдері және түсу сынақтарының ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі баяндалады.
Материал практик заңгерлерге, мемлекеттік қызметшілерге, сот жүйесінің, ғылыми қоғамдастықтың өкілдеріне және оқуды жалғастыру және өзінің кәсіби қызметін Қазақстан Республикасының сот төрелігі жүйесімен байланыстыру мүмкіндігін қарастыратындардың барлығына пайдалы болады.
Мақаланың толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады: https://prg.kz/document/?doc_id=36894290&ysclid=ms2syietkj142967602&pos=11;249