Қазақстан Республикасы Кассациялық сотында Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы магистранттарының көшпелі дәрісі

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары оқу бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі Кассациялық сотта өткен көшпелі дәріске қатысты.

Көшпелі дәріске Кассациялық соттың судьялары, Академияның оқытушылары мен магистранттары қатысты.

Сапар барысында әкімшілік істерді кассациялық тәртіппен қарау ерекшеліктеріне, сот орындаушыларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту тәртібіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі шеңберіндегі салық даулары бойынша сот практикасына қатысты мәселелер талқыланды.

Магистранттар әкімшілік істер бойынша Кассациялық соттың сот жүйесінің қызметімен танысты, сондай-ақ талқылауларға белсенді қатысты, практикалық сұрақтар қойды және судьялармен өзара пікір алмасты.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024