Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының өкілдері сот өкілдігін кәсібилендіру және тегін заң көмегі институтын дамыту мәселелері бойынша халықаралық панельдік пікірталасқа қатысты

2026 жылғы 30 қыркүйек – В.М. Лебедев атындағы Ресей мемлекеттік сот төрелігі университетінің алаңында бейнеконференция байланысы режимінде «Өкілдікті кәсібилендіру және тегін заң көмегі институтын дамыту» тақырыбында халықаралық панельдік пікірталас өтті. Шара ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сот жүйелері үшін кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру саласындағы базалық ұйымының жұмыс жоспары шеңберінде ұйымдастырылды.

Халықаралық пікірталас алаңында Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының профессорлары, заң ғылымдарының кандидаттары Рұслан Рамазанұлы Сұлтанов пен Ержан Ошақбайұлы Егембердиев сөз сөйледі.

«Қазақстандағы сот өкілдігі: сот төрелігінің қолжетімділігі мен кәсіби стандарттар теңгерімі» тақырыбындағы негізгі баяндама шеңберінде қазақстандық делегаттар ел тәжірибесін таныстырып, бірқатар маңызды практикалық мәселелерді көтерді:

  • Көрсетілетін заң қызметтерінің сапасы мен жауапкершілігін арттыру;
  • Процестік құқықтарды асыра пайдаланудың алдын алу және жолын кесу;
  • Талап қою мен құқықтық позицияларды дайындау кезінде жасанды интелектіні (ЖИ) қолданудың рұқсат етілуі мен шектері;
  • Тараптардың онлайн-сот процестеріне қатысуының техникалық-құқықтық мәселелері мен сын-қатерлері.

Пікірталас барысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің өкілдері сот өкілдеріне қойылатын біліктілік талаптары мен заманауи үлгілерді, сондай-ақ заң қызметтерін кәсібилендіру, құпиялылықты қорғау және халыққа тегін заң көмегінің кеңінен қолжетімділігін қамтамасыз ету арасындағы теңгерім мәселелерін талқылады.

Достастық елдерінің сарапшылары арасындағы тәжірибе алмасу сот өкілдігі институттарын жетілдіруге бірыңғай тәсілдерді қалыптастыруға және институттаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың келешегі бар бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024