Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының түлектеріне диплом табыстау салтанатты рәсімі

2025 жылғы 27 маусымда Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының түлектеріне диплом табыстау салтанатты рәсімі өтті.

Академияның ведомстволық бағыныстылығы Жоғары Сот Кеңесіне берілгеннен кейінгі 2025 жылғы түлектер алғашқы түлек легі болып табылатындықтан, бұл маңызды іс-шаралардың бірі. Бұл еліміздегі сот кадрларын даярлау жүйесінің жаңа даму кезеңінің басталғанын білдіреді.

Түлектер қорытынды аттестаттаудан және біліктілік емтиханынан сәтті өтіп, кәсіби даярлығының жоғары деңгейін, теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын көрсетті. Оқу нәтижесі бойынша оларға құқық магистрі дәрежесі берілді.

Түлектерге дипломдарды Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Михайлович Малахов табыс етті. Құттықтау сөзінде ол сот жүйесі үшін білікті мамандар даярлаудың маңыздылығын атап өтіп, Академия түлектері еліміздегі заңдылық пен әділеттілікті нығайтуға лайықты үлес қосатынына сенім білдірді. Сонымен қатар, әрбір түлекке Кеңес Төрағасының атынан жеке жазылған құттықтау хат табыс етілді.

Салтанатты рәсімге Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері мен Кеңес аппаратының өкілдері, сондай-ақ Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы заң үстемдігін қамтамасыз етіп, заңға қызмет ететін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024