Құқықтық идеология, заңнама, қылмыстық сот төрелігі саласындағы заң практикасы: магистранттарға арналған қонақ дәрісі

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында «Мемлекеттің құқықтық жүйесі: құқықтық идеология, заңнама, қылмыстық сот төрелігі саласындағы заң практикасы» тақырыбында магистранттарға арналған қонақ дәріс өтті.

Дәрісті заң ғылымдарының докторы, Maqsut Narikbayev University профессоры, Қазақстан Республикасының құрметті заңгері, ҚР ҰҒА құрметті академигі Марат Чекишевич Қоғамов өткізді.

Іс-шараны Академия ректоры Қанат Қалқаманұлы Мусин ашты, ол өзінің құттықтау сөзінде болашақ судья кадрларын даярлау сапасын арттыру үшін заң ғылымы мен практиканың көрнекті өкілдерімен осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.

Дәріс барысында мемлекеттің құқықтық жүйесін қалыптастыру мен дамытудың негізгі аспектілері, құқықтық идеологияның, заңнама мен заң практикасының өзара байланысы, сондай-ақ қылмыстық сот төрелігі жүйесінің жұмыс істеуінің өзекті мәселелері қаралды.

Магистранттар лектордың ғылыми тәсілдерімен және практикалық тәжірибесімен танысуға, сондай-ақ отандық құқықтық жүйені дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік алды.

Кездесу соңында Академия магистранттары Марат Чекишевич Когамовқа мазмұнды және шабыттандыратын дәрісі үшін алғыс білдіріп, оның жоғары танымдық және практикалық құндылығын атап өтті.

Тұрақты қонақ дәрістерін өткізу тәжірибесі Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Михайлович Малаховтың бастамасымен енгізілді және Сот төрелігі академиясында кадрлар даярлаудың жаңартылған бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Сертификаттарды тексеру Цифрлық оқу-әдістемелік база
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024