Қабылдау телефон нөмірі
Сіздерге тамаша жаңалықты хабарлауға асығамыз: Сіздің Alma-mater
қабырғасында Сот төрелігі академиясының түлектерімен үздіксіз қарым-
қатынасты ұйымдастыру, тұрақты қарым-қатынасты сақтау мақсатында Сот
төрелігі академиясының түлектер қауымдастығын құру жоспарлануда!
Қауымдастықты құрудың мақсаты – Академияның дәстүрлері мен
құндылықтарын сақтау және нығайту, оның беделін сақтау және арттыру,
магистранттар мен әрбір жылдың бітірушілердің өкілдерінің арасындағы кәсіби
ынтымақтастықты нығайту, ел ішінде де, халықаралық деңгейде де
байланыстарды кеңейту, қоғамның дамуы үшін білім мен ғылымның
интеграциясына ықпал ету, сондай-ақ әрбір түлектің шығармашылық және
кәсіби дамуына қолдау көрсету.
Біз әрбір түлегімізді бағалаймыз, әрқайсыңызбен байланыста болғымыз
келеді, Академияның есігі сіздер үшін әрқашан ашық! Академиямыздың
қауымдастығы сіздер үшін кәсіби қарым-қатынас, пікір және тәжірибе алмасу,
қонақ дәрістерін өткізу, форумдар мен конференциялар ұйымдастыру, сондай-
ақ, жылы кездесулер мен бірге өткізген күндерден естеліктер үшін алаң
болғанын қалаймыз!
Қауымдастықты құруға және ұйымдастыруға атсалысқысы келетіндердің
барлығынан academygraduates1@gmail.com электронды поштасына өтініш
жіберулерін сұраймыз.
Өтініш нысаны қоса беріледі.
Құрметпен, Академия әкімшілігі.
Тел.: +77172710862
Тіркеуге өтінімнің үлгісі