Қабылдау телефон нөмірі
Судья және сот қызметкерлері күніне орай Jibek Joly TV телеарнасының «Бүгін.Live» бағдарламасында «Сот – әділдік тірегі» тақырыбында тікелей эфирде сұхбат өтті.
Бағдарлама қонақтары: заң ғылымдарының магистрі, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Амангелдин А.Т. және заң ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының Азаматтық-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының директоры Егембердиев Е.О.
Сұхбат барысында қонақтар судьялардың күнделікті қызметі, оларға қойылатын кәсіби және адамгершілік талаптар, сондай-ақ сот жүйесіне білікті кадрлар даярлау мәселелері жөнінде кеңінен сөз қозғады.